Русский Сайттың толық нұсқасы

Нептун мен Уранның түсі біз ойлағаннан басқа болып шықты

  • AstanaTV
  • 07 қаңтар 2024
  • 1617

Біздің Уран мен Нептун планеталары жайлы түсінігіміз мүлде басқа болып шықты. 1980 жылдардағы ғарыштық миссия фотосуреттерінде Нептунның түсі – қою көк, Уран – жасылдау болып көрінеді, бірақ ғалымдар қос планетаның түсі шын мәнінде бірдей екенін анықтады.

ВВС мәліметінше, Британдық астрономдар бастаған бір топ ғалым осындай қорытынды жасады (зерттеу нәтижесі Monthly Notices of the RAS басылымында жарияланған). Соңғы мәліметке сәйкес, екі мұз алыбының да жасыл-көк реңктері бар. Зерттеу жетекшісі, Оксфорд университетінің профессоры Патрик Ирвиннің айтуынша, астрономдар фотосуреттердегі бұл екі планетаның түсі шындыққа толық сәйкес келмейтінін бұрыннан біледі. Корольдік астрономиялық қоғам (RAS) директорының орынбасары, доктор Роберт Масси бұрын суреттерді «жақсылап өңдеу» тәжірибесі кеңінен тарағанын растайды. Профессор Ирвин мен оның әріптестері Нептун мен Уран түстерін дәл бейнелеу үшін түпнұсқа суреттермен жұмыс істеді. Ал бастапқы түсініспеушілік NASA-ның Voyager 2 ғарыш кемесі планеталарды бірден үш түрлі түспен суретке түсіргендіктен туындаған.