Русский Сайттың толық нұсқасы

Елена Рыбакина мансабындағы алтыншы жүлдеден кейін күтпеген «титулға» ие болды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2024
  • 840

Елена Рыбакина мансабындағы алтыншы жүлдеден кейін күтпеген «титулға» ие болды. Қазақстандық теннисшіні X Tennis Bakery әлеуметтік желідегі парақшасында «апта наубайшысы» деп жазды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Рыбакина Брисбенде өткен WTA 500 турнирінің финалында беларусь Арина Сабаленканы (6:0, 6:3) жеңіп, жеңімпаз атанды. Tennis Bakery Еленаның бүкіл турнирдегі басым ойынын атап өтіп, оны құрметті атақпен марапаттады:

«Елена Рыбакина - 2024 жылғы WTA маусымының бірінші аптасының наубайшысы. Ол өткен аптада 6:0/6:1 есебімен ең көп сеттерді ұтқан ойыншы», - деп жазды.