Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы сұлулық салонының қожайыны жауапкершіліктен босатылды

  • AstanaTV
  • 22 желтоқсан 2016
  • 3304

Оралдағы «Звезда Востока» сұлулық салонының қожайынына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы прокуратура өкілі айтты. Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді заңсыз іске асырған кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалғанымен, прокурорлар мұнда қылмыс белгілері жоқ деп тапты.

Ершат Қамбетов, Орал қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

Қайдарова жеке бір қызмет түрін атқарған жағдайда, ол жерде қылмыстың белгілері орын алатын еді. Яғни ол жерде жеке өзі ешқандай қызмет түрін атқармағандықтан, екі жақ арасында келісімшарт болмағандықтан, қылмыстық іс қысқартылып отыр.

Наурызда аталған сұлулық салонында косметологиялық процедура кезінде бір адам қайтыс болған еді. Оның өліміне кінәлі деп танылған косметолог Эльвира Абдуллаеваның үш жылға бас бостандығы шектелді. Сот оның бұл іспен Қазақстан аумағында айналысуға арнайы сертификаты мен лицензиясы жоқ екенін анықтаған. 

Еркін КАРИН