Русский Сайттың толық нұсқасы

20 жастағы талантты спортшы тұмаудан қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2024
  • 684

Ресейлік шорт-трекші Анастасия Середа тұмаудан көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол эстафеталық команда құрамында Ресей кубогында жеңіске жеткен. Болашағынан үтім күттіретін спортшылардың тізіміне кірген. Ресей конькимен жүгірушілер одағының Telegram арнасында оның тұмауы асқынып, қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Одақ таратқан мәліметте Анастасияның бір айы бойы комада жатқаны айтылады.

Ол тұмаумен ұзақ уақыт күрескенімен, еш нәтиже болмады. Біздің спорт үшін бұл орны толмас қаза, – деп жазылған одақ мәліметінде.

Спортшы бір кездері Ресейдің үздік алты шорт-трекшілерінің тізіміне кірген.