Жүзу спортынан Азия ойындарының чемпионы Эльмира Айғалиева жаңа жылды Тайланд астанасы Багкокта қарсы алды. Жуырда ол әлемдік челленджге айналған биді билеп, видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді, - деп жазды 1bol.kz.
Жанкүйерлері болса Эльмираның «ерекше талантына» мақтау айтуда. Бірі оны америкалық поп-жұлдыз Дженифер Лопезге ұқсатса, өзгелері оттай ыстық екенін білдірген.
Айта кетейік, Эльмира Айғалиева суға жүзу спортынан Қазақстан рекордсмені. Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы, Азия ойындарының чемпионы.