Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеке мәліметті жарияламау үшін 7 миллион теңге талап еткен

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2024
  • 833

Полицейлер Қызылорда облысының тұрғынын әлеуметтік желілерде жеке сипаттағы мәліметтерді жариялаймын деп қорқытқан бопсалаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер деректерді жария етпеу үшін жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен. Ведомство өкілдері осы дерек бойынша Қызылорда облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Оның нәтижесінде тәуліктік кезекшілік кезінде күдікті ретінде 34, 32, 22 жастағы облыс тұрғындары ұсталған. Айғақ зат ретінде олардан ақша, сигналдық тапанша және жалған қызметтік куәлік алынғаны айтылады.