Русский Сайттың толық нұсқасы

«Аягөз қаласында салынған тұрғын үйлердің сапасы өте нашар», - депутат

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының халқымен кездесті. Тұрғындар бірқатар әлеуметтік мәселені көтерді. Оның ішінде әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы, автобустардың кешкі мезгілде ерте тоқтап қалуы мен ауыз су, көшелердің атауын өзгерту және қаңғыбас иттерді атуға рұқсат беру туралы айтылды. Медициналық сақтандыру және газ тарту, жедел жәрдем стансасын Семейден Аягөзге көшіріп, әуежай салу сынды әлеуметтік проблемалар талқыланды. Нұртай Сабильянов сайлаушылардың барлық сұрағына жауап берді. Өңірдегі өзекті мәселелерді Парламентте көтеретінін айтты. Мәжіліс депутатының өңір халқымен кездесулері жалғасуда.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 Ең бірінші мәселе – тұрғындарды тұрғын үймен қамту мәселесі. Өте өзекті. Екінші мәселе – ауылшаруашылығындағы игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару. Яғни егін екепйтін, мал бақпайтын шаруашылықтардың жерін қайтару болып отыр. Үшінші мәселе – қаланың ішіндегі қоқыстарды реттеу, оларды шығару және осы мәселелерді шешу болып отыр. Сонымен бірге қаланың, ауылдың инфрақұрылымы бар, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу мәселелері шешуді халық талап етіп отыр.