Арқаның төсін қалың қар бүркесе, Түркістан облысында бәйшешек гүлдеп жатыр. Табиғаттың таңғажайыбына таң қаласың. Көктемнің жаршысы саналатын қыр гүлінің қаңтардың алғашқы онкүндігінде бой көрсетуі- ерекше құбылыс. Оны «Сырдария-Түркістан» ұлттық табиғи паркінің инспекторлары алғашқы боп байқапты. Демалыс күндері өңірде ауа температурасы +14 градусқа дейін көтерілген.