Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2024
  • 867

Батыс Қазақстан облысында 60-тан астам ірі қараны жымқырған қылмыстық топ құрықталды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Теректі ауданы аумағында болды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықталғанындай, үш адамнан тұрған қылмыстық топ өткен жылғы қазан және қараша айларында еркін жайылыстан Теректі ауданының тұрғындарына тиісілі ірі қара малдарын ұрлап кеткен.

«Барымташылар 62 бас ірі қараны жымқырса, соның 8-і күдіктілердің қораларынан табылды. Ұсталған азаматтардың біріне тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі, сондай-ақ күдіктілер ұрланған ірі қара малға айырбастап алған «Ford» автокөлігі тәркіленді. Сонымен қатар қолды болған малды базардағыдан төмен бағамен сатып алып жүрген мал сатушы анықталды. Қолға түскендер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.