Ал Түркістан облысындағы Сырдария өзені мен бірқатар көлде аққулар қыстап жатыр.
Айдын көлдің сәнін келтіріп жүзген аққулар мұнда еліміздің солтүстік өңірлері мен Ресейден келген дейді мамандар. Себебі оңтүстікте су айдындарының бетіне мұз қатпайды. Азық қоры жеткілікті. Сұлулықтың символы саналатын аққулар енді мұнда наурыз айына дейін аялдайды. Негізінен бізге келетін ақкулардың басым бөлігі -сұңқылдақ аққу.