Русский Сайттың толық нұсқасы

Төреғали Төреәлі тоқал алуға қатысты соңғы шешімін айтты

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2024
  • 1739

Әнші Төреғали Төреәлі тоқал алуға қатысты көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әйелі Толқынның Instagram парақшасында оқырмандарға жауап беріп, нүктесін қойды.

Осы тақырыпты қозғайын деп сұхбатқа барған жоқпын. Сұрақ сол тараптан келді. Сол үшін өтірік айта алмадым. Құранда айтылғандай, ер адамның табиғатына сай жауап бердім. Егер тағдырыма әйел алу жазылса, оны алмай қоймаймын. Тағдырыма жазылмаса, он жерден алам десем де, ала алмас едім. Бұл әлем жаратылмай тұрғанда тағдырлар жазылып қойған, - деді Төреғали Төреәлі.