Израильдің Газа секторына жалғасқан шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 23 469-ға жетті. Kazinform бұл туралы Uza.uz-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ашраф әл-Кедра баспасөз мәлімдемесінде Израиль армиясының соңғы 24 сағатта 112 палестиналықты өлтіріп, 194-ін жаралаған.
«Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханалар апатты жағдайда тұр, өйткені олар жараланғандар мен ондаған мың босқындарға толы», - деп атап өтті Ашраф әл-Кедра.
Қақтығыс басталғалы бері 59 604 палестиналық жарақат алды, олардың 6 200-і Газадан тыс жерде шұғыл емделуді қажет етеді.