Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде үйдің кіреберісінде ер адамды атып кетті

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2024
  • 986

ШҚО полицейлері облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстады.

13 қңтар күні облыс орталығының “102” арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның мәйіті жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына барған бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған, - делінген хабарламада.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша кісі өлтіру (ҚК 99) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.