Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің барлық аймақтарында қатты аяз болады - Қазгидромет

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2016
  • 2721

Алдағы демалыс күндері барлық өңірлерде күн суыта түседі, - деп хабарлайды "Қазгидромет". Тіпті еліміздің оңтүстік аймақтарының өзінде ауа райы минус 25-26 градусқа жетеді деген жорамал бар. Солтүстік өңірлерде 30-36 градус аяз болады деп күтілуде. Орталық пен шығыс өңірлерде де осыған ұқсас жағдай. Ал еліміздің батыс аймағында қою тұман түседі деген болжам бар. Осыған орай синоптиктер тұрғындардың алыс сапарға шығуды шектей тұруы қажеттігін ескертеді. Адамдар сақтық шараларын барынша сақтағаны абзал деп кеңес береді.

Айдана Абыхан, "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:

Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Яғни суық, бұрынғыдай. Кей аймақтарда бұрқасын, тұман тұрып, кей жерлерде аяз болады деп күтілуде. Астана бойынша ертең күндіз аздаған қар жауады. Түнгі ауа температурасы 30-32, күндіз 15-17 градус суық болады.