Русский Сайттың толық нұсқасы

6 мыңға тарта пиротехникалық заттар сауда сөрелерінен алынды

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2016
  • 3140

6 мыңға тарта сертификаты жоқ отшашулар мен пиротехникалық заттар сауда сөрелерінен алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 12 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында  республика аумағында бірқатар рейдтік тексерулер мен шұғыл алдын-алу шаралары өтеді. Тәртіп сақшылары сауда орындарындағы мерекелік отшашуларды тексерді. Нәтижесінде  пиротехникаларды сақтау, тасымалдау және қолдану тәртібін бұзудың 180 дерегі анықталды. Полицейлер  отшашуларды тек арнайы белгіленген орында сату керектігін ескертуде. Сондай-ақ балалар арасында түсіндіру шаралары мықтап қолға алынған.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Оқушылармен және класс жетекшілермен арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ата-аналармен жұмыстар жүргізілуде. Әрбір жаңа жылға арналаған мерекелік іс-шаралардың алдында барлық адамдарға жеткізілетін, әлеуметтік желілер болсын, уатсап болсын, роликтер бар. Олар осы желілермен таратылады.

Мерекелік шаралар өтетін орындар жіті тексерілуде. Еліміз бойынша жеті мыңдай нысан бақылауға алынған. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен сауда, ойын-сауық орталықтары бар. Өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы назарға алынады. Алайда төтеншеліктер ең алдымен жеке тұрғын үйдегі адамдар үшін алаңдайды. Өйткені мереке күндері пәтерлер мен үйлердегі өрт оқиғалары бірнеше пайызға артады екен.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Мерекелік іс-шара өткізілетін объектілерде, яғни орынжайларда өртке алып келетін отшашулар пайдалануға, қатарлар арасындағы өту жолының енінің қысқартуға, қосымша орындықтар қоюға, көрсетілім жүріп жатқанда жарықты толықтай өшіруге, орынжайды мөлшерден тыс адамға толтыруға жол берілмейді.