Русский Сайттың толық нұсқасы

Трансвеститтер клубына барған қызылордалық мұғалімдер жұмыссыз қалды

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2024
  • 933

Қызылордалық екі мұғалім Түркияда демаламын деп, жұмыстан шығып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі zhasalash.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар шетелде жүріп, трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бұл «демалысы» мектеп басшылығын да ұнай қоймапты.

Мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева олар келген соң, жиналыс өткізгенін айтады. Осыдан кейін екі педагог өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазыпты.