Русский Сайттың толық нұсқасы

«Майқайыңалтында» жоғалған автобусты қазып шығуға 23 метр қалды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2024
  • 802

«Майқайыңалтын» аумағындағы опырылған жердің астында шахта болған,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Мұны кәсіпорын басшылығы да растап отыр. Бірақ 2018 жылы жобалаушы мекеме сараптама жүргізіп, апат болған аумақтың өндіріске еш қауіпі жоқ деген анықтама берген. Яғни, ол жерде еш қауіп-қатер жоқ делінген.Сондықтан 6 жыл бойы бұл жерде көлік қозғалысы емін-еркін жүргізіліп келген.

Қуаныш Ботин, «Майқайыңалтын» кен байыту комбинатының бас директоры:

Жаңағы жер технологиялық жол болатын. Ол жермен күндікке өзімізде, менде жүріп жүрдім. Егер сондай нәрсе болады, опырылып құлайды деген күдік немесе бір адам айтса онда біз ол жерді қоршап, ол жерде жүргізбей, бақылауға алар едік. Ал бүгінгі күні күдік болмағандықтан осылай жүріп, жұмыс істеп жатқан жәйіміз болды.