Жетісу облысында 34 жастағы мәслихат депутаты кісі қолынан қаза тапты. Дәурен Сіләмовтің мәйіті кеше Үшарал қаласынан табылды. Ол салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмысшыларға маза бермей жатқан масаң күйдегі ер адамды тоқтатпақшы болған. Артынша белгісіз ер кісі оған пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кетеді. Дәурен Сіләмов ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Нұрболат ШАМУ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен.
Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.