Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Ол президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері жоғарылаған. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5 процентке өсті. Өңдеу өнеркәсібіне қарасты 20 жоба іске қосылып, 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. 3 мың отбасы баспаналы болып, жаңа 20 мектеп ашылған. Сонымен қатар, 20 елді мекенге ауызсу құбыры тартылды. 48 ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
Дархан САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Негізгі бағыт беріп отырғанымыз біздің өндіріс және де ауылшаруашылығында біз өңірлердің арасында бірінші орынға өндірілген өнім көлемімен шығып отырмыз. Қорытындысы бойынша нақты-нақты тапсырмалар берді.