Русский Сайттың толық нұсқасы

"Экс-әкімнің баласы жазадан құтылып кетті": Арықтан денесі табылған 15 жастағы қыздың өлімі туралы тың деректер шықты

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2024
  • 2021

Арықтан денесі табылған 15 жастағы қыздың өлімі туралы тың деректер шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

9 ай бұрын Аружан Орынбайдан жалаңаш фото үшін ауылдас екі жігіт ақша бопсалаған. Көп уақыт өтпей, бойжеткеннің денесі арық маңынан табылған. Жергілікті полиция екі күдіктіні ұстады. Бірақ екі күдіктінің біреуі ғана ауыр жаза арқалап, екіншісі үй қамаққа алынған.

8 сәуірде Түркістан облысы, Төрткүл ауылында жас қыздың денесін екі жеткіншек арыққа ағызып жіберген. 15 жастағы қыздың мәйіті келесі күні табылған.

Екі жігіт Аружан Орынбайдан жалаңаш суреті үшін ақша бопсалаған. Тергеу нәтижесінде, ол суреттегі қыз мүлдем басқа болып шыққан. Сот үкімімен бірі 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал экс-әкімнің ұлын шартты жазаға кесіп, 1 жыл 4 айға үй қамаққа жіберген.

"Мен сотпен келіспеймін. Мүлдем түсіне алмай отырмын. Әділ болған жоқ. Жазасын алып жатқан жоқ. Мен әділдік іздеймін. Төлеп бәрін мойындады. Әке-шешесі кешірім сұрап келді. Ал Бейбарыс мойындамай отыр",- дейді Аружанның анасы Динара Зілқараева.

Ал күдікті, экс-әкімнің ұлының туыстары Бейбарыс бұл қылмысты жасамаған деп отыр.

"Оны ұстап алып, басына пакет кигізіп, саусақтарын мыжып, қылмысты мойындатқызған тергеушілер. 19 жастағы жігіт, өтірік айтса бетіне шығып қалар еді ғой. Ол өлтірсе жаназасына қалай барады? Жаназасында да жүрді ғой",- дейді Бейбарыстың әпкесі.

Бейбарыстың әпкесінің сөзіне тергеуші жауап берді.

"Бұл айтып жатқандарының бәрі сотта анықталмаған. Бұл айтқандарына ешқандай дәлелдері жоқ. Дәйексіз сөйлеп жатыр. Сол күні сараптама жүргізілген денесіне. Денесінде ешқандай жарақаттары болмаған",- дейді тергеуші.

Аружанның анасы сот үкіміне келіспей, аппеляцияға берген. Екінші тарап, Бейбарыс Беріктің адвокатыда істің әлі дұрыс ашылмағанын алға тартып, аппеляцияға берді.

"Мен сіздің аяғыңызға жығылар едім. Бейбарыс "кінәлі емеспін" деп отыр. "Мен ол жерде болмадым" деп отыр. Ол кінәлі болса аяғыңызға жатар едім"-дейді Бейбарыстың анасы.