Русский Сайттың толық нұсқасы

Анасымен жанжалдасқан ақтөбелік тұрғын 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2024
  • 720

Учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.