Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпқабатты үйлерді кәрізден аққан лас су басып кеткен

Үш жылдан бері Өскемен қаласының тұрғындары кәріз жүйесінен қиындық көріп келеді. Меновное ауданындағы көпқабатты үйлердің кәріз жүйесі 3 жыл бұрын салынған. Бірақ құрылысшылардың техникалық қателігінен лас су сыртқа аққан. Салдарынан үйіміздің жертөлелері мен кіреберістерін су алды дейді тұрғындар. Жұрт тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен мердігерлерге қанша хабарласқанмен мәселе шешімін таппапты. Сосын «АМАNАТ» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне хат жаздық дейді олар.

Надежда ШМЫГАЛЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Хаттан кейін бірден осында үлкен жиналыс өткеніне таң қалдым. Қалалық су шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды, олар су басқан жерге барып, нені, қалай болғанын тексерді. «Водоканал» керемет жұмыс жасады. Нәтижесіне қуаныштымыз.

Жұмысты облыстық мәслихаттың «АМАNАТ» партиясынан сайланған депутаттары арнайы бақылады. Соның нәтижесінде құрылысшылар қысқа мерзімде 5 метрге жуық тереңдікке 120 метр құбыр жүргізді. Партиялықтардың айтуынша, облыс тұрғындарынан түскен өтініштердің 30 проценті- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты мәселелер.

Аманбай НҰРКЕНОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ШҚОФ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз партия тарапынан бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешуге тырысамыз. Бұған біз жан-жақты күш саламыз. Ең бастысы қазіргі кезде партияға деген халықтың сенімі артып келе жатыр.