Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент ресми сапармен Ресейде

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2016
  • 4407

Астана Сирияға қатысты келіссөз қатысушыларын қабылдап, ол үшін барлық жағдай жасауға дайын. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентімен Санкт-Петербордағы кездесуінде мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Сіздің ұсынысыңыз туралы мәселе шешімі: Қазақстан Астанада келіссөз үшін тараптарды қабылдауға әзір. Біз кеше сізбен, Ердоғанмен және Руханимен сөйлестік. Олар келісті. Біз олар кездесіп, жағдайды пысықтауы үшін барлық жағдайды жасаймыз».

Өз кезегінде Ресей президенті Қазақстаннның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістеріне тоқталып, жоғары баға берді. Айта өтейік, бүгін Нева қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясы болды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

«Қазақстан - посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы. Бұған  табысты елдің интеграциялық жобаларды белсенді алға жылжытып жатқаны дәлел. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушыларына оң ықпал етіп жатыр».

Бүгін екі ел басшысы бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Енді тараптар Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.   

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА