Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды,-деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.