Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жұмыссыздарды оқытуды қарастырады

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2016
  • 2754

Енді жұмыссыз азаматтар жаппай оқытыла бастайды. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекетік бағдарламасы осыны қарастырады. Құжатты таныстырған құзырлы ведомство өкілінің айтуынша, бұл мұқтаждықтан туған қадам.

Бүгінде елімізде 9 миллиондай экономикалық тұрғыдан белсенді адам бар. Олардың шамамен 810 мыңы жұмыссыз. Дәлірегі, 450 мың адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген, 360 мың адамның тапқаны тамағына да жетпейді. Жоғарыда айтылған 9 млнның 28 пайызының тек орта білімі ғана бар. Яғни мектепті тәмамдаған түлек, не оқу жоқ, не жұмыс жоқ, сандалып жүр. Оларды бір жерге жұмысқа орналастыруға кәсіби білімінің жоқтығы кедергі. Екіншіден, барлығына бірдей жұмыс тауып беру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес нәрсе. Осы ретте тығырықтан шығудың тың жолы ретінде үкімет жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ден қоймақ.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Түлектер жаппай кәсіптік-техникалық оқу орындарында тегін оқытыла бастайды. 2,5 жылдан соң белгілі бір мамандық алып шығады, бұл міндетті. Ал ересек азаматтар оқытудың қысқа мерзімді түріне тартылады, 1 айдан 6  айға дейінгі мерзім аралығында оқып, кәсіп иесі атанып, сертификат алады. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА