Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақ бортында стюардессаны ұрып жіберген қай қазақстандық әнші екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2024
  • 1466

Мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілінің айтуынша, кінәлі азамат жауапкершілікке тартылған.

"2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды", - деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Сұлтанбаев оқиғаның бір жыл бұрын болғанын еске салды.

"Иә, шынында да мұндай факт болды. Кінәлі Нұрымбетов 1982 жылы өмірге келген, Астана қаласының тұрғыны. Целиноград облыстық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған", - деді ол.

Еске сала кетсек, 18 желтоқсанда FlyArystan жолаушысы, көпшілікке танымал әнші және актер әуекомпанияның стюардессасына физикалық күш қолданып агрессия көрсетті деген ақпарат тараған болатын. Жолаушы сырт киімінің багаж сөресінде мыжылғанына наразы екенін айтқан. Содан кейін стюардесса жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектеспек болды, бірақ жолаушы одан күртесін тартып алып, стюардессаның маңдайынан ұрған.