Русский Сайттың толық нұсқасы

Математика оқулығында Қайрат Нұртасқа қатысты тапсырма енгізілген – Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2024
  • 2487

Желіде математика оқулығында Қайрат Нұртасқа қатысты тапсырма енгізілгені туралы ақпарат тарады. Алайда Оқу-ағарту министрлігі мұны жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, бұл мұғалімнің жеке өзі жасаған тапсырма.

"Фотосуретте берілген ""Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбындағы тапсырманы мұғалімнің өзі әзірлеген. Оқулықта (математика, 3-сынып) мұндай тапсырма жоқ", - делінген хабарламада.

Министрлік оқулықтың өзінің фотосуретін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі жаңа көптомдықтың негізінде Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығуды сұраған еді. Ол өз сөзінде қазіргі оқулықтарда мемлекет құруға аз көңіл бөлінетінін түсіндіреді. Депутат сондай-ақ мектеп бағдарламасында қазақ хандары Жошыдан тарайтынын баса айту керектігін мәлімдеді.