Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтардағы ҰБТ: Ең таңдаулы бейіндік пән белгілі болды

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2024
  • 2254

Биыл қаңтардағы ҰБТ-да ең таңдаулы пән ауысты. Мектеп бітіруші түлектер осы жолы Биология-Химия пәндеріне басымдық берген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының өкілі хабарлады,-деп жазады Қазақстан Телеарнасы. 

Биология-Химия пәндерін таңдағандар медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы және ветеринария сынды салаларға оқуға түсе алады. Мектеп бітірушілер тағы қандай пәндерді таңдаған?

Осы тұста қысқаша статистикаға тоқталып өтейік. Биыл тестілеуден өткендердің 18,4% - Химия-Биология, 16,9%-ы Математика-Физиканы, 11,7%-ы - Математика-Информатиканы, 9,4%-ы- Шет тілі мен Дүниежүзі тарихын таңдаған. Ал Химия-Физика пәнін таңдағандар саны 1 пайызға да жетпейді.