Жетісу облысы Ақсу аудандық соты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таржға салу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматша Д. Ақсу ауданының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (балабақша, МКҚК) бухгалтері лауазымында жұмыс істеген. МКҚК-да жұмыс істеген кезде балабақшадағы топтардың жетпеуіне байланысты қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген ақша қаражатын үнемдеу қалыптасқан.
"Д. бухгалтер бола жүріп, МКҚК-дегі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап "Онлайн банкинг" банк жүйесінде төлем тапсырмаларын орындау жолымен "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дан өзінің карточкалық шотына ақша қаражатын жөнелткен. Қылмыстық іс-әрекет осындай жағдайлар бойынша 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасқан",-деп хабарлайды Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының баспасөз қызметі.