Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында 10 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2024
  • 1070

12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA тергеу отряды Instagram-парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман, – дейді еріктілер.

Еске салсақ, Диана Сагинтаева 8 қаңтарда Қызылжар ауылындағы үйінен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Алайда жұмысқа да сол күні бармаған. Ұялы телефоны сөндірулі болған. Диана тұрмыста, кәмелетке толмаған екі баласы бар.