Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, екі адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1127

Қарағандыда автокөлік жүргізушісі жабық шлагбаумды елемей, темір жолға шығып кетіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

"31 жастағы "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі Саран тас жолымен Костенко шахтасы жағынан “Тойота орталығына" қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткеліне шығып кеткен. Апат салдарынан автокөліктің екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Автокөліктің жүргізушісі және тағы үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тепловоздан бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.