Русский Сайттың толық нұсқасы

Полицияға күш көрсеткендер қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1567

Қос азамат учаскелік полицейді балағаттап, дене жарақатын салған. Олардың алкогольді ішімдік пайдаланғандары анықталды.

Ағайындылар өз туысын туған күнімен құттықтауға келген. Пәтерде көңіл көтеріп, ішімдік ішкен.

Одан соң бұл мейрам көпқабатты үйдің подъезінде жалғасып, көршілердің мазасын алған. Бұған шыдамаған көршілері 102-ге қоңырау шалады. Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен учаскелік полицей бейбастақ қылық танытқандарды тәртіпке шақырған. Алайда әбден «қызып алған» екеу заңды талаптарға мойынсұнбай, құқық қорғау қызметкеріне балағат сөздер айтып, күш қолданған. Қол жұмсап, дене жарақатын салған.

- Учаскелік полицей ер адамдарға қарсы арнайы құралдар мен күрес әдістерін қолдануға мәжбүр болған. Кейін ұсталғандар медициналық куәландыру үшін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Екібастұз қаласындағы уақытша қамау орнына жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.