Наурыз айына арналған пойыз билеттері сатылып жатқан жоқ. “Қазақстан темір жолшысы” басылымының дерегінше, 2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты қазіргі таңда пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатыр.
“2024 жылы шамамен 1400 км жолды жөндеу жоспарланып отыр. Соған орай, наурыз айына теміржол билеттерін сату мерзімінен кеш, ақпан айының басында ашылады”, – делінген хабарламада.