Русский Сайттың толық нұсқасы

Баласын пешке жаққан әйел ата-ана құқығынан айырылады

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2016
  • 2869

Далада үсіп өлген 2 жасар қызының мәйітін пешке жаққан қарағандылық әйел ата-ана құқығынан айырылады. Бұл туралы арнамызға Қарағанды қалалық білім бөлімі хабарлады. Құзырлы мекеменің мәліметінше, қатыгез ананың бір баласы осыдан 3 жыл бұрын 5 айлығында балалар үйіне тапсырылған. Екінші баласы да сол мекемеге жуырдағы жантүршігерлік оқиға мәлім болған соң жеткізіліпті. Олар 2013 жылдан бері әйелді іздеп таппағандарын айтып отыр.

Айгүл Ысқақова, Қарағанды қалалық білім бөлімінің қорғаншы және қамқорлыққа алу бөлімінің меңгерушісі:

Вагонда тұрып жатқан. Сол жерде хабарлағаннан кейін, баланы алып «Шапағат» балалар үйіне орналастырылған. Содан бері шешесі балаға ешқашан келмеген. Қазіргі уақытта Данил деген баласы да бізде. Әрине, бұл жағдайды жай қалдырмаймыз. Ата-ана құқығынан міндетті түрде айырылады. 

Айжан ҚУАШ