Русский Сайттың толық нұсқасы

Такси жүргізушісі есірткі пайдаланған

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2024
  • 1418

Астанадан Қостанайға 5 жолаушы апара жатқан минивэн жүргізушісінің марихуана пайдаланғаны анықталды. 

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды облыстық патрульдік полиция батальонының 4-взводының қызметкерлері анықтады.

22 қаңтарда «Автобус» және «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері Жақсы – Есіл-Бұзылық автожолында Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруында Toyota Alphard маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында полицейлер жүргізуші танымал мобильді қосымшаны пайдалана отырып, елордадан Қостанайға жолаушыларды жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқанын анықтады.

Сонымен қатар, жолға шығар алдында және жолда ер адам «марихуана» есірткі затын қолданды, осылайша тоқтатқан кезде салонда болған бес жолаушының өміріне қауіп төндірген. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік хаттамалар жасады. Такси жүргізушісі 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, заңсыз тасымалдағаны үшін оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.