Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлық жасады

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2016
  • 2638

Аяз Атаның алғашқы жаңажылдық сыйлықтары Қарағанды қаласының балалар үйінінің тәрбиеленушілеріне бірінші болып жетті. Акцияны «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бастауыш партия ұйымдары өткізіп жатыр. Қайырымдылық шараға қатысқан депутаттар өз қаражаттарын жинап, қаладағы балалар үйлерінің бүлдіршіндеріне қалаған сыйлықтарын сатып алған. Алғашқы тосын сыйға бүгін "Даму" мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері ие болды. Жаңажылдық ертеңгілікке Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері де қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар балалардың қоғамға қажеттілігін сезіндіреді. Партия ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды үнемі қолдайды.

Жанәділ Мұхтаров, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды қалалық маслихатының депутаттар фракциясының жетекшісі:

Бізде бала болып көрдік. Жаңа жылды қарсы алуда әрбір баланың арманы болады. Жаңа жылда Аяз ата, Ақшақарды күтеді. Тілектерін тәрбиешілерге айтады. Солар бойынша сыйлықтарын таңдап алдық. Ол балаларды қуантады. Көңілдерін көтереді. Ұмыт қалмағандарын білдіреді.

Айсұлу Қаһарманова, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Бүкіл балалар бақытты болсын. Әрдайым көңілді жүрсін. Тәрбиешілерін тыңдасын.