Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғыны 300-ден астам малын жоғалтып алған

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2024
  • 1070

Түркістан облысының тұрғыны 300-ден астам малын іздеп тапқан учаскелік полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ ауданы Жартытөбе ауылына қарасты Қызыл жал мал жайылымынан өзінің 303 бас малын алып келе жатып, Жартытөбе ауылының тұрғыны астындағы атынан айырылып қалады. Жүйіткіп кеткен жылқысының артынан қуып кетіп, малынан көз жазып қалады. Қараңғы түсіп кеткен соң өздігінен таба алмасына көзі жетіп, жайылымнан қайтады. Осыдан соң бірден учаскелік полиция инспекторына хабарласып, болған жайтты хабарлайды. Мал иесі 303 бас майда малдан көз жазып қалғанын және оның шығыны 6 миллион теңгені құрайтындығын жеткізеді. Учаскелік полиция инспекторы Ерман Нұрәділ аталған азаматтарды таңертең ерте көлігіне мінгізіп алып, оқиға орнына жетеді. Осылайша малдың кетуі мүмкін аймақтарды мұқият қарап, ізіне түсу арқылы жоғалған ұсақ малды табады. Белгілі болғандай 300-ден астам қой иесі болмаған соң түнгі уақытта бағытынан адасып кеткен.

Осылайша жоғалған мал дер кезінде толығымен табылып, егесіне тапсырылды. Табылған малдың егесі тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, қай кезеңде болмасын көмек сұрап хабарласқанда нәтижелі жұмыс көрсететіндіктеріне риза болды.