Русский Сайттың толық нұсқасы

Кейкі батыр жау қолынан қаза тапқанда 40-50 жас аралығында болған - антрополог

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2016
  • 4008

Кейкі батыр жау қолынан қаза тапқанда 40-50 жас аралығында болған. Зерттеу жұмыстарын жүргізген венгр ғалымдары батырдың мүсінін жариялады. Мұны Тенгриньюс порталы хабарлады.

Мамандар батыр орта бойлы, жауырыны қақпақтай, көзі көк деп суреттейді. Ол басынан кемі 7 рет ауыр темірмен соққы алған. Сондықтан желке сүйегі сынған. Жағынан қарақұсына дейін қылышпен шабылғаны анықталған. Зерттеу жүргізген мамандар Кейкі батырдың мықты адам болғанын айтады. Оны желкесінен байқауға болады деп отыр, тіпті тістері сау сақталған.

Бұған дейін батырдың бас сүйегі Венгрияға жіберіліп, антропологтар келбетін жасаған болатын. Жақында бабаның бас сүйегі елге жеткізіледі. Келер жылдың күзінде арулап жерленіп, мемориал тұрғызылмақ.