Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2024
  • 1656

Алматыда медициналық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлық медициналық ұйымның белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

Жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ, азаматтардан өтініштер түскен жоқ, - деді басқармадан.