Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 8 адам жарақат алды - денсаулық сақтау басқармасы

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2024
  • 1339

 Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 8 адам зардап шеккен. Олар қаладағы ауруханаларға жеткізілген.

— Тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секіріп, үш адам зардап шекті. Тексеруден кейін екі зардап шеккен адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды.
Бес адам үйін тастап қашып бара жатқанда жарақат алған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген соң олар амбулаторлық емдеуге жіберілді, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасынан.