Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртаудағы жылу электр стансасындағы апат салдары ертеңге дейін жойылмақ

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2016
  • 2508

Бүгін таңертең 2-інші жылу электр станциясында болған апат түнге дейін қалпына келтірілмек. "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Вадим Басин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жөндеу жұмыстары бойынша директоры:

29-ы күні қазандық іске қосылады. Станцияның 6 қазандығы мен 4 турбогенераторы жұмыс істейді деген сөз. Ал, дәл қазір 4 қазандық ғана істеп тұр.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылары қаладағы жылу тапшылығы мұнымен шешілмейтінін жасырмайды. Өйткені қаланы 2-нші жылу қазандығы жылумен толық қамтамасыз ете алмайды. Кеңес кезінде бірнеше шағын ауданға жылу мен жарық беру үшін салынған станцияға 90-шы жылдары жаңа ықшам аудандар қосылған. Мұндай салмақты ол көтере алмай отырған көрінеді. Кәсіпорын басқа энергетикалық компаниямен серіктесіп, қазандықтар мен жылу қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Келісімшарт алдағы жылдың сәуірінде жасалмақшы. Алайда, жылу мәселесі алдағы 5 жылда біртіндеп шешіледі деп отыр.