Павлодарда шетелден көлік әкелген жүргізушілер шу шығарды. Айтуларынша, олардың «темір тұлпарларын» тәртіп сақшылары жүргізбей тастаған. Транзит нөмерлі көліктерді тоқтатып, шетінен айып тұрағына қоюда.
Рамазан Серік – өткен жылы Моңғолияға барып, көлік әкелген. Тек осы уақытқа дейін темір тұлпарын толық рәсімдеп үлгермепті. Бұған утилдік алым мен алғашқы жарна қаражатының жоқтығы себеп болған.
Рамазан СЕРІК, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Транзит номермен 10 күннің ішінде учетқа қою керексің. Жүруге болмайды деп. Мен өзім август айында әкелінген машина болатын барлығы өз атымда. Соған дейін үндемей жүрді да жалғыз күнде ескертусіз қамады. Оған дейін заң 10 күн десе неге барлығын жүргізбеу керек еді. Әлі күнге дейін жүріп жатыр машиналар.
Рамазан секілді шетелден жоғары класты жаңа көлік әкелген адам көп. Барлығының мәселесі- осы. Олар шетелден келген темір тұлпарды 1 жылға дейін тіркеусіз жүруге болады - деп түсінген.
Нұрбек ТӨРЕХАН, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Бізде страховка бар. Нелегалная деп тұр да. Ол бізде базадан толық көрсетіп тұр. Как положно. Біздің атымызда мысалы. Павлодар облысында страховкамен жүргізбей жатыр қазір бізге.
Ғалымжан НҰРӘЛИЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Первичканың қымбаттығында болып тұр. Қазір менің машинама есептеп бергені бойынша 2 млн 800 мың болып тұр. Ондай ақша пока жоқ бізде қойып алатын. Біздікі уже легально кіріп границадан. Растоможка өткен жартылай енді. Утиь мен перичикасын төлеп, номер алу ғана қалып тұр да.
Ал полиция департаментінің өкілдері осы жылдан бастап шетелден келген көліктерге қатысты заң күшейгенін айтады. Бұған транзит номерлі көліктердің көбейгені себеп болған. Олардың қатысуымен жол көлік оқиғасы да арта түсіпті.
Бауыржан МАҚАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ПРОЦЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес номері 862 транзит номер белгілері 10 күн жарамды. Осы 10 күннің ішінде машина барып тіркеу керек. Одан асса автокөлікті пайдалана алмайды. Жүруге болмайды.
Осы түйткілге қатысты « AMANAT» партиясының облыстық филиалына тұрғындардан 70-ге жуық шағым түскен. Облыстық мәслихаттың депутаты көлік жүргізушілерін қабылдап, мәселесін тыңдады.
Асылбек ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Біз полиция басқармасының өкілдерін шақырдық. Әкімдік өкілдері келеді осы жерге түсіндірме ақпараттық жұмыстар жасап, заң жүзінде қалай көмектесуге болады. Заң жүзінде қалай мәселелерін шешуге болады қарастырмақшымыз.
Шетелден келген көліктердің елімізде жүруіне қатысты депутаттар Ішкі істер министрлігіне сауалхат жолдайтын болды. Ал әкелінгеніне 10 күннен асқан темір тұлпарлардың жүруіне рұқсат жоқ. Көлік иелері 1 жыл ішінде көлігін рәсімдеп үлгеруі керек. Ал ережеге бағынбағандар көлік басқару құқығынан 6 айға айырылмақ. Немесе қомақты көлемде айыппұл арқалайды.