Мемлекет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады. Кездесу барысында Президентке ұйымға төрағалығы кезінде атқаратын міндеттері жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев қорға құрылтайшы мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есептейтін, мониторинг жүргізетін тетіктер құру мәселелеріне баса назар аудару керек екенін айтты.