Шығыс Қазақстанда алдағы екі күнде қар көшкіні қауіп төндіреді.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жасаған ескертуінде айтылды.
Күн райы қолайсыз болғандықтан 23-25 қаңтар аралығында облыстың таулы аймақтарында көшкін жүруі мүмкін. Сондықтан тауға барудан бас тартқан жөн. Әсіре, таулы аудандардағы көлік жолында қауіп жоғары. Қауіпті аймаққа келгенде аялдамай, тез өтіп кетуге кеңес береміз, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.