Русский Сайттың толық нұсқасы

«ҚР Еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы беріледі

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 2657

Үздік ақ халатты жандарға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы беріледі. Денсаулық сақтау саласында ерекше еңбегі үшін біржолғы 1000 айлық есептік көрсеткіш төленеді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында біржолғы 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлей отырып, «Мамандықтың үздігі» атағын беру көзделген.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» депутат Гүлдара Нұрымова таныстырды.

- қызметтік міндеттерін атқару нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларына жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру грантын бере отырып, конкурстан тыс қабылдау;

- медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеру құқығын беру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру жөніндегі нормалар көзделген.

Бұдан басқа, медицина кадрлардын тапшылығын қысқарту үшін ауылға жұмыс істеу үшін келетін медицина қызметкерлеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді жүзеге асыру жөніндегі нормалар қабылданды.

- уәкілетті органдардың медициналық көмек көрсету стандарттарын өзгерту, медицина қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде одан әрі шаралар қабылдай отырып, сақтандыру жағдайларының басталу фактілеріне талдау жүргізу тәртібі регламенттелген.

Заң жобасы Сенатқа жолданды.