Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚПЛ тарихындағы ең қымбат трансфер

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2024
  • 2102

"Ақтөбе" командасы 28 жастағы қорғаушы Габи Кикиді қатарына қосқанын хабарлады. Дереккөздердің ақпараты бойынша (нақты болмауы да мүмкін), футболшының трансфер нарығындағы құны - 1 миллион еуро екен. Теңгеге шаққанда 500 миллионның о жақ бұ жағы. Осылайша, Кикидің трансфері Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбаты болды! Бұл туралы Уәлихан Қосанбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол «2021 жылдың ақпан айында Өкімет клубтардың мемлекеттен алатын ақшасы 1,2 миллиардтан аспауы керек деген қаулы шығарды. Бірақ, сол лимитті ешкім сақтап жатқан жоқ сияқты» деп пкірін білдірген.

"Ақтөбе" ірі демеушімен келісімшарт жасады дегенді естімедім. Демек, клубқа ақша облыстық бюджеттен бөлінеді. Енді есептеңіз. Кикидің бір өзі шамамен 500 миллион теңге тұрса, бір жылдық бюджеттің 40 пайызы осы ойыншыға кетті деген сөз. Қалғаны 60 пайыз. Оған да жаңа ойыншылар алу керек. Жалақы, жол-пұл, анау-мынау шығын бар. Қарап отырсаңыз, 1,2 миллиард маусым басталмай жатып бітіп қалатын сияқты! Ары қарай не істейді? Тағы бюджеттен ала ма? Қазақстандық клубтар Өкімет қойған лимитті қаншалықты сақтап отыр?», - деп жазды Уәлихан Қосанбай.