Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаудағы 6 жасар зорланған қызға қатысты сот процесі келер жылдың қаңтарында басталады

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2016
  • 2994

Ақтаудағы 6 жасар зорланған қызға қатысты сот процесі келер жылдың қаңтарында басталады. Ол алқа билердің қатысуымен өтеді. Бұл айыпталушының өтініші болса керек. Бірақ сот жабық есік жағдайында өтеді. Бұл туралы облыстық прокуратура таратқан мәліметте келтірілген.

Іс 11 томнан тұрады. Күдікті Қылмыстық кодекстің 5 бабы бойынша айыпталып отыр. Оның ішінде адам ұрлау, зорлау, өлтіру баптары да бар. Күдікті 32 жаста. Бұған дейін 6 жасар қыздың туғандары сот процесіне қатыспайтындарын мәлімдеді.

Еске салайық, зорланған 6 жасар Виктория Минина 20 тамызда ес-түссіз жатқан жерінен табылды. Ақ халаттылар оның өмірі үшін 3 ай бойы арпалысты. Бірақ бала 21 қарашада ес жимастан көз жұмды.