Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жасанды интеллект азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі тиіс", - Президент

Мемлекет басшысы қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратына да барды. Оның 3 бөлігінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Онда қала әкімдігінің аппараты мен 14 басқармасы орналасты. Тек өрттен қатты зардап шеккен 4-ші павильонды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Жауаптылар ақпан айының соңына дейін толығымен аяқтауға уәде берді. Сондай-ақ Президент мегаполистің тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралады. Ол қала тіршілігінің барлық саласын қамтитын 53 модульден тұрады. Деректер 50-ден астам ұйымнан, сондай-ақ мемлекеттік және қалалық ақпараттық жүйелерден жиналады. Қала тұрғындарыммен кері байланыс орнатуға да мүмкіндік болады. Әкімдік келер жылдан бастап деректерді жинауға жасанды интелектті қоспақ.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Біз 2022 жылы тамыз айында Қазақстанда алғаш рет қаланың бірыңғай бейнемониторинг жүйесін құрдық. Бүгінде бізде 33 мың камера қосылған. Жыл соңына дейін оны 50 мыңға жеткіземіз. 2050 жылға қарай бүкіл қаланы 100 мың камерамен қамту жоспарда бар.