Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2024
  • 1274

Атырау облысы Жылыой ауданында бірнеше күн бұрын жоғалған азаматтың мүрдесі табылды, - деп хабарлайды atpress.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 9 қаңтарда үйінен шығып кеткен.Ол 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында "Ккоммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан.

"Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекен-жайынын шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.