Астана ТЖД маңызды ақпаратты жариялады.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет желісі ("101", "112") қалыпқа келтірілді. 101 және 112 шұғыл қызмет желісінің нөмірлері штаттық жағдайда жұмыс істеп тұр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін байланыс желісі бойынша техникалық ақауларға байланысты Астана қаласында ҚР ТЖМ Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызмет ("101", "112") желілері ажыратылған еді.